05 сәуір 2017 21:20

Renzo тобының әншісін бұзақылық бойынша айыптаған полицейлерге қатысты тергеу басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұзақының құжаттарын тексермей, оның орнына Renzo тобының солисі Жанболат Ертаевты заң бұзушы ретінде тіркеген полицейлерге қатысты тергеу басталды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Бұзақының құжаттарын тексермей, оның орнына Renzo тобының солисі Жанболат Ертаевты заң бұзушы ретінде тіркеген полицейлерге қатысты тергеу басталды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"2016 жылдың 23 қаңтарында Өскеменнің Ертіс аудандық полиция бөлімі "Че Гевара" түнгі клубындағы бұзақылыққа қатысты сотқа дейінгі тергеу бастаған. 2016 жылдың 23 ақпанында тараптардың мәмілеге келуіне байланысты іс тоқтатылды. Тергеу барысында күдікті полицейлерге Жанболат Ертаевпын деп жалған сөйлеген. Күдікті бұрын Ертаевпен таныс болғандықтан, ол туралы көп мәлімет білген", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Ал полицейлер ақпараттың растығын тексермей, осы арқылы Қылмыстық-процессуалдық кодексті бұзған. 

"2017 жылдың 28 наурызында Өскемен прокуратурасы сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы шешімді жойды. Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің жүйесіндегі Ертаев бұзақылық жасады деген мәлімет жойылды. Облыс прокуроры Бағбан Тайымбетовтың бұйрығымен Ертаевты уақытында ақтамаған прокуратура қызметкерлері тәртіптік жазаға тартылды. Бұл қателіктер Ертаевтың атына кір келтіргендіктен Өскемен қаласы ІІБ қызметкерлеріне қатысты тергеу басталды. Бұл іс ішкі қауіпсіздік қызметіне тапсырылды", - дейді ведомство өкілдері. 

Еске салайық, мұның алдында Renzo тобының продюсері Алуа Қонарова әншінің бұзақылық іс бойынша күдікті болып шыққанын қателік деген. Ал Жанболат Ертаевтың өзі талайдан бері Өскеменде болмағанын, ал іс материалында танысының суреті тұрғанын мәлімдеген.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети