26 қазан 2015 15:42

Ресей азаматы Астанада жасөспірімдерді тонап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© amem.info © amem.info

Қарағандыда Ресей Федерациясының 32 жастағы азаматы ұсталды, ол Астана аумағында адамдарды тонаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz елорда ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қарағандыда Ресей Федерациясының 32 жастағы азаматы ұсталды, ол Астана аумағында адамдарды тонаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz елорда ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру шарасы барысында Астана ІІД Есіл аудандық ІІБ криминалдық полиция қызметкерлері сауда орталықтарының бірінің жанында алты жасөспірімнің ақшасы мен ұялы телефондарын ашық түрде тартып алған Ресейдің 32 жастағы азаматының Қарағандыда екенін анықтап, ұстады.

Ол қылмыс жасағаннан кейін із жасыру мақсатында Қарағандыға аттанып, ұрлаған заттарын сол жақта сатуға тырысқан.

Бұл дерек ҚР ҚК 191-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі бірыңғай реестрге тіркелді. Шығынның көлемі шамамен 600 мың теңге. Күдікті Астана ІІД уақытша ұстау изоляторында отыр. Қазіргі таңда оның өзге қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети