14 маусым 2015 10:17

Ресейде екі ер адам қазақстандық әйелді сату үшін алып қашқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

©НТВ телеарнасының кадры ©НТВ телеарнасының кадры

Ресейде екі ер адам қазақстандық азаматшаны сату үшін алып қашып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресейдің Тюмень облысы бойынша ІІМБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 11 маусымда Тюменде болған. 


Ресейде екі ер адам қазақстандық азаматшаны сату үшін алып қашып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресейдің Тюмень облысы бойынша ІІМБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 11 маусымда Тюменде болған. 

Болған оқиғаны Ресейдің тәртіп сақшыларына жәбірленушінің қызы хабарлаған, ол ІІМБ "сенім телефонына" Астана қаласынан хабарласқан. Ол полицейлерге анасын біреулердің құлдықта ұстап отырғанын және оны босату үшін ақша талап етіп отырғанын айтып берді. Бастапқы кезде қылмыскерлер 1,5 миллион рубль (5,1 миллион теңге) сұраған, ал одан кейін соманы 700 мың рубльге (2,4 миллион теңге) дейін төмендеткен. Қарсы болған жағдайда олар қыздың анасын өлтіретінін айтқан.

"Ресейдің Тюмень облысы бойынша ІІМБ қылмыстық іздестіру басқармасының қызметкерлері өткізген жедел-іздестіру шараларының қорытындысы бойынша, жедел әрекет ету арнайы жасағының көмегімен Өзбекстан Республикасының екі азаматы ұсталды. Ер адамдар тәртіп сақшыларына қарсылық келтіргісі келіп, оқиға орнынан қашып кетуді ойлады, бірақ қолдарынан келмеді. Жүргізілген операция барысында тыңшылар күштеп ұсталған әйелді босатты", - деп хабарлады Ресейдің Тюмень облысы бойынша ІІМБ баспасөз қызметінің өкілдері.

Жәбірленуші ұсталғандардың бірімен осыған дейін таныс болғанын айтып берді. НТВ телеарнасының мәліметінше, жәбірленуші ұсталғандардың бірімен пойызда танысып, оған өзінің биологиялық-белсенді қосымша саудасынан жақсы табыс тауып жүргенін мәлімдеген. Сонда күдікті Қазақстан азаматын алып қашқысы келген. Ол досымен бірге Тюмень қаласында пәтер жалдап, қазақстандық азаматшаны сауда бойынша келісім жасасуға шақырған.

Таяу уақытта Өзбекстан азаматтарын қамауға алу туралы мәселе шешіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети