13 шілде 2015 | 16:02

Ресейде өз ұлын сатпақ болған қазақстандық ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube.com © Youtube.com

Қазақстанның 24 жастағы тумасы, Ресейдің Липецк қаласында тұрып жатқан ер адам бала сатқаны үшін қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РФ Тергеу комитетіне сілтеме жасап. Осы дерекке сәйкес "Адам саудасы" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ведомствоның хабарлауынша, баланы сату 2015 жылдың маусымында жоспарланған. Жергілікті ақпарат құралдары оның ұсталып жатқаны бейнеленген видеоны жариялады. "Липецкмедианың" хабарлауынша, видеодан "сатып алушының" ролін сомдаған оперативті қызметкермен болған әңгімені естуге болады. 

Иконка комментария блок соц сети

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам Интернетке 3 жастағы баласын сататыны туралы хабарлама берген. "1,5 миллон рубльге (5 миллон теңге шамасында) келіскен ол сатып алушымен 10 маусымда Липецк қаласының Победа даңғылында кездескен. Мәміле барысында күдікті ұсталды. Тергеу кезінде ол баланың анасы оны өткен жылдың жазында тастап Қазақстанға қайтып кеткенін, сондықтан да баласының жақсы отбасыда өскенін қалайтынын айтты. Ол баласын сатып тапқан ақшасына үй сатып алмақ болған", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Қылмыстың жолы кесілгеннен кейін бүлдіршін облыстық инфекциялық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Тергеушінің сұранысымен сот ер адамды қамауға алу туралы шешім шығарды. Қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети