Қазақстан - Ресей мемлекеттік шекарасында қылқан жапырақты ағаштарды алып өтуге тырысқандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан - Ресей мемлекеттік шекарасында қылқан жапырақты ағаштарды алып өтуге тырысқандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ақтөбе шекара отрядына қарасты "Әлімбет-авто" бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды шекаралық бақылау кезінде 33 жастағы қазақстандықты ұстауға мәжбүр болды. Ресей жақтан келе жатқан азамат "Газель" автокөлігіндегі 500 дана шыршаға тиісті ілестірме құжаттарын көрсете алмады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, осы дерек бойынша Қарғалы ауданының карантин бойынша инспекторы хабарландырылғаны айтылады.