Қазақ-ресей шекарасында орналасқан Қостанай шекара отрядына қарасты "Қайрак теміржол" бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары Астанадан Санкт-Петербург қаласына кетіп бара жатқан азаматқа шекаралық бақылау жасағанда оның сөмкесінен суық қаруды тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

© ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі
Суық қару самурайдың семсері болып шыққан. Оны 27 жастағы ресейлік азаматқа достары сыйлаған көрінеді. Семсердің ұзындығы жарты метрге жуық, ені - 2,5 сантиметр, қалыңдығы - 5 миллиметр, қылпылдаған ұстарасының ұзындығы - 29 сантиметр болып шықты. Салмағы 1 100 грамм екен. "Шекарашылардың қырағылығы болмағанда бұл жәдігер шекара асып кете барған болар еді. Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.