19 сәуір 2016 17:39

Риддер мейрамханасында төбелес шығарған прокурор жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Риддер мейрамханасында төбелес шығарған прокурор жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Риддер мейрамханасында төбелес шығарған прокурор жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға Риддерде өткен жылдың 9 қазанында болған еді. Жергілікті тұрғын Фархат Нұрғалиев көңіл көтеретін орында туған күнін атап өтеді. Осы күні кеште онда қалалық прокуратураның қызметкері Сергей Упоров та болған. Олар бір-бірін бұрыннан таниды екен. Нұрғалиевтің айтуынша, прокуратура қызметкері алғашында туған күнге келген қонақтарды балағаттай бастайды, кейін ол мейрамханаға келушілерден соққы жеген.

Оқиғадан кейін Фархат Нұрғалиев прокуратура қызметкерін ұрды деген күдікпен ұсталған. Сот оны екі жылға бас бостандығынан шектейді. Кейін Шығыс Қазақстан блыстық сотының апелляциялық ұжымы оны бір жылға дейін қысқартыпты. Дегенмен Фархат бұл шешіммен келіспейтінін айтып, Жоғарғы сотқа шағымдануға ниетті. Ол төбелеске қатыспағанын айтып отыр.

"Видеодан Сергей Упоров жұдырық ала жүгірген кезде оны полицияның жедел уәкілдерінің ұстап қалғанын көруге болады. Дегенмен қылмыстық істі менің үстімнен қозғады. Мен ол жерде жай ғана тұрдым. (...) Онда менің ешқандай құқықбұзушылыққа бармағанымды көруге болады", - деді Фархат Нұрғалиев.

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының мәліметінше, прокуратура қызметкері сергей Упоровқа ескерту жасалған.

"ҚР прокуратура мекемесі мен орган қызметкерлері кодексінің 3 пункті 1 тармағында көрсетілген талапты бұзғаны үшін облыстық прокурордың бұйрығымен Упоровқа қызметтік ескерту жасалды. Ол Риддер қалалық прокуратурасының прокуроры қызметінен Зырян ауданы прокуратурасының прокуроры қызметіне ауыстырылды", - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети