19 тамыз 2015 10:46

Рудный маңындағы туристер базасында демалушылардан жарылғыш зат пен героин табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Fedpress.ru © Fedpress.ru

Рудныйға жақын маңдағы туристік базада демалушылардан жауынгерлік жарылғыш зат, героин мен марихуана табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қостанай облысы ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлері "Көкнәр-2015" жедел алдын алу шаралары аясында Рудныйға жақын маңдағы туристік база аумағында 30 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті сөмкесінде жарылғыш зат сақтаған", - деп жазылған хабарламада.

Күдікті туристік базаға достарымен бірге келген. Олардан полицейлер героин мен марихуананың аздаған дозасын тапты. "Қазіргі уақытта РГД-5 жарылғыш заты сот-баллистикалық сараптамасына жіберілді. ҚР ҚК 287-бабы 1-бөлімі "Оқ-дәрілерді заңсыз сақтау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - деді полициядағылар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети