01 қазан 2019 | 16:07

Рудный тұрғыны күйеу баласын өлтіргені үшін сотталды

видеодан үзінді

Рудный қаласында күйеу баласын өлтірген егде жастағы адамға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Алау"

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Рудный қаласында күйеу баласын өлтірген егде жастағы адамға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Алау"

Қостанай облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сотта 59 жастағы Жомарт Жарасбаевтың ісі қаралды. Іс материалдары бойынша, 6 сәуірде ол жарымен және Қостанайда отбасымен тұратын қызы Қуаныш Батхидиновамен бірге Рудный қаласындағы мейрамханалардың біріне үйлену тойына барған. Түн жарымда қызы ата-анасының үйіне қайтып келген, онда күйеуі мас күйде болған. Жолдасы Арман қызғаныштан оны ұра бастаған. Қыз осы жағдайды анасына телефон арқылы айтқан. Анасы көмекке әкесін жіберген. 

Реклама
Реклама

Іс материалдары бойынша, ер адам қайын атасына пышақ ала жүгірген, олар төбелесе кеткен. Олар үйден шығып, аулада алысқан. Айқас кезінде егде жастағы адам пышақты тартып алып, қарсыласына үш рет пышақ ұрған. Батхидинов оқиға орнында қаза тапты.

Жарасбаев қамауға алынды. Қасақана өлтіргенін мойындамады, алайда сот оны 8 жылға бас бостандығынан айырды. Ол қауіпсіздігі қатаң мекемеде жазасын өтейтін болады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная