Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85

Рудныйда тонаушы әйел мүгедек адамды ұрып кетті

10 Қыркүйек 2014, 17:02
0
Геннадий Кулачев. ©С. Петренко/hordelo.kz
Геннадий Кулачев. ©С. Петренко/hordelo.kz

Рудныйда бір әйел арбаға таңылған мүгедек адамды ұрып, ақшасын тартып алды, - деп жазады "Хорошее дело". Бұл оқиға мүмкіндігі шектеулі Геннадий Кулачев шіркеуден үйіне қайтып келе жатқанда болған. Күдікті әлі ұсталған жоқ.

Ер адамның айтуынша, 31 тамыз күні бір бейтаныс әйел көмектеспек болып, мұның арбасын саябаққа қарай сүйреген. "Көшеде арбамды сүйреп келе жатып, қауіп төндіре бастады. Бірнеше рет көлік жүретін жолға шығарып жіберді, машинаның астына түсіп қала жаздадым. Оған мені жөніме қалдыруды айттым, айқайлай бастадым, бірақ көшедегі адамдар менің өтінішіме құлақ аспады", - дейді мүгедек.

Кулачевті саябаққа қарай апара алмаған әйел ақыры одан ашық түрде ақша талап ете бастаған. Мүгедек қолындағы 300 теңгесін ұстатқан. "Ол ту сыртымнан қалтамды қарай бастады, қорғана алмағандықтан қолынан тістеп алдым. Ол мені мойнымнан тістеді, артымда тұрып, көйлегімнің жағасын тартып қылғындырды, басымнан ұрғылады", - дейді Кулачев.

Мүгедек адамға оқиғаны балконнан көріп қалған бір әйел көмекке келген. Шабуыл жасаған әйел қашып кетті. Мүгедек адам шабуыл дерегі бойынша полицияға арыз жазды. Ер адамның айтуынша, ол әлгі әйелді көшеден тағы кезіктірген, ол танымаған жүз білдірді. Дегенмен полицейлер оны әлі ұстамаған.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай