Руслан Күлекбаевтің сыбайластары қанша жылға сотталды?

02 Қараша 2016, 14:38
0
Руслан Күлекбаевтің сыбайластары қанша жылға сотталды? - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

"Алматылық атқыш" Руслан Күлекбаевтің сыбайластары қанша жылға сотталғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күлекбаевпен қатар сотта тағы бес адамға сот үкімі шықты. Олар атқыштың сыбайластары екен. "Руслан Күлекбаевпен бірге Рафик Лю, Жасұлан Сапарбеков, Дәурен Әсембекұлы, Ербол Құсайнов, Нұрсұлтан Әбдімомын сот алдына қаруды заңсыз сақтау, алып жүру, сатып алу, сонымен қатар дайындау және Руслан Күлекбаевпен бірлесіп, М. деген кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталды.

Күлекбаевтың бес сыбайласына сот үкімін Судья Ерлан Болат 2 қарашада шығарды.

Сонымен, Жамбыл облысы Жамбыл ауданының 1985 жылы 21 қыркүйекте дүниеге келген, бұрын сотты болған Рафик Лю ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-бөлігі 3-тармағы (жеке мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы), 288-бабының 1-бөлігі (2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы), 287-бабының 4-бөлігімен (6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы) кінәлі деп танылып, ҚР Қылмыстық Кодексінің 58-бабының 3-бөлігінің негізінде жазаларының ішінара қосылуы шараларымен Людің түпкілікті жеке мүлкі тәркіленіп, 9 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Жазасын түзеу колониясының қатаң режімінде өтеу белгіленді.

Жамбыл облысы Талас ауданы Қартау қаласында 1991 жылы 12 қыркүйекте дүниеге келген Жасұлан Сапарбеков ҚР Қылмыстық код 192-бабының 4-бөлігімен (жеке мүлкі тәркіленіп, 10 жылға), 287-бабының 4-бөлігімен (5 жылға) кінәлі деп танылып, ҚР Қылмыстық Кодексінің 58-бабының 3-бөлігінің негізінде жазаларының ішінара қосылуы шараларымен жеке мүлкі тәркіленіп, түпкілікті 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру және жазаны қатаң тәртіптегі түзеу колониясында өтеу тағайындалды.

Жамбыл облысы Шу ауданы 1984 жылы 13 сәуірде дүниеге келген Ербол Құсайынов ҚР ҚК 192-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, жеке мүлкі тәркіленіп, оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын қатаң тәртіптегі түзеу колониясында өтейтін болады.

Жамбыл облысының Мерке ауданында 1985 жылы 14 тамызда дүниеге келген Дәурен Әсембекұлы ҚР ҚК 192-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, жеке мүлкі тәркіленіп, 10 жыл бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң тәртіптегі түзеу колониясында өтейтін болады.

"Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданында 1985 жылы 29 сәуірде дүниеге келген Нұрсұлтан Әбдімомын ҚР ҚК 187-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейді. Кепілмен босату түріндегі бұлтарпау шарасы өзгертіліп, сот залында қамауға алынсын. Кепілге алынған мүлік заңды иелеріне қайтарылсын", - деп оқыды үкімді судья.

Барлық сотталушы Қазақстан Республикасының азаматы, ұлты қазақ.

Еске салайық, бүгін, 2 қарашада Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 18 шілдеде қарулы шабуыл жасаған алматылық атқыш Руслан Күлекбаевқа сот үкімі шыққан болатын. Судья Ерлан Болат сотталушыға өлім жазасын кесіп, мүлкін тәркілеу үкімін шығарды.

Автор :

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай