Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Санкт-Петербургте адам өлтірді деген күдікпен қазақстандық азамат ұсталды 01 тамыз 2016, 15:28

Қонақүйдің әкімшісі 31 шілдеге қараған түні өлтірілген.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

© komi-news.ru © komi-news.ru

Санкт-Петербургте қонақүйдің әкімшісін өлтірді деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды, - деп хабарлайды "Фонтанка".

Басылымның мәліметінше, кісі өлтіру дерегі 31 шілдеге қараған түні болған. Белгісіз біреу "Рабочий дом" қонақүйіне келген. Кейіннен ол әкімшімен бірге бөлмеге өткен соң, олар куәгерлердің көзінен таса болған. Содан белгісіз ер адам қонақүйден кетіп қалған. Ал әкімші бірнеше рет пышақ жарақатын алған күйі табылды. 

Осы іске қатысты 31 жастағы қазақстандық азамат ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, қайтыс болған адам мен ұсталған азамат бұған дейін таныс болмаған. Олардың арасындағы түсініспеушілік кенеттен пайда болуы мүмкін.


Join Telegram