29 мамыр 2019 17:30

Сарыағашта белгісіз біреулер 1,5 миллион теңгенің алтын бұйымдары салынған сөмкені ұрлап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Сарыағашта 1,5 миллион теңгенің алтын бұйымдары салынған сөмке ұрланды, - деп жазады "Отырар".


Сарыағашта 1,5 миллион теңгенің алтын бұйымдары салынған сөмке ұрланды, - деп жазады "Отырар".

Ұсталған күдікті өзінің 4 бірдей сыбайласымен бірге ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасырын жымқыру мақсатында Сарыағаш ауданының базарында алтын сатумен айналысатын әйелдің сауда қатары жаймасының астында тұрған сөмкесін ішіндегі жалпы құны 1 500 000 теңгеге жуық алтын бұйымдарын ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен.

"Аудандық полицейлер болған қылмыстың ізін суытпай ашу мақсатында күдіктілерді жедел іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдіктілердің біреуі Шымкент қаласынан ұсталып, қамауға алынды. Қалғандарына іздеу жарияланды.

Қазіргі таңда аталған "Ұрлық" қылмысы бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолданды. Бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде жасырын жымқырған дерек Сарыағаш АПБ-де ҚР ҚК-нің 188-бабымен тіркелді", - дейді полицейлер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети