23 қыркүйек 2018 19:52

Сәтбаевта полицейлерге шабуыл жасағандар сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Қарағанды облысындағы Сәтбаев қаласының екі тұрғыны билік өкілдеріне күш қолданғаны үшін айыпты деп танылып, 1,5 жылға бас бостандығы шектелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қарағанды облысындағы Сәтбаев қаласының екі тұрғыны билік өкілдеріне күш қолданғаны үшін айыпты деп танылып, 1,5 жылға бас бостандығы шектелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Полицейлер ұстау кезінде жұдырық ала жүгірген қаланың екі тұрғынына қатысты сот үкімі шықты. Айта кетейік, оқиға өткен жылы 9 желтоқсанда болған еді. 

Сәтбаев қалалық сотының мәліметінше, сотталушылар өз кінәсын толығымен мойындап, кешірім сұраған. Сотталушылардың бірі бұрындары осындай қылмыс үшін сот алдына келген, алайда жазасын өтемеген. Сол себепті сот 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасын кесті. Ал бұрындары сотты болған ер адамға тағы алты ай қосып, жазасын жалпы есепте екі жылға созды. Сонымен қатар, сотталғандардың әрқайсысы 120 сағат қоғамдық жұмыстарға тартылды. 

Өңірлік ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, екі ер адамның мас күйде ұстау кезінде жанжал шыққан. 2017 жылы 9 желтоқсанда қаладағы дүкендердің бірінде сатушы болып істейтін әйел полицияға қоңырау шалып, екі ер адамның балағат сөздер айтып, дүкен жиһазын сындырғанын айтқан. 

Оқиға орнына полицейлер келген уақытта олар құқық қорғау органдары өкілдерін де балағаттап, төбелесуге кіріскен. Полицейлерге бұзақыларды ұстау үшін күш қолдануға тура келген. Осы кезде мас ер адамдардың бірінің анасы мен әпкесі жанжалға араласа бастаған. Әйелдер ер адамдарды қамауға алуға барынша кедергі келтірумен болған. Осы оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі Skandal.krg паблигінде жарияланған. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Сотрудники правоохранительных органов не уважают женщин Сатпаев - ???? от подписчика - Если вы стали свидетелем интересного инцидента, то обязательно пришли его на @skandal_krg Подпишись на @skandal_krg ___ #караганда #karaganda #алматы #астана #тараз #шымкент #талдыкорган #актау #атырау #орал #актобе #темиртау #семей #оскемен #павлодар #сатпаев #экибастуз #петропавл #костанай #казахстан #казах #кызылорда #жезказган #балхаш #kazakhstan #политех #ggg

Публикация от Караганда (@skandal_krg)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети