14 желтоқсан 2015 01:36

Семейде бір әйел өз сүйіктісінің үстіне бензин құйып, өртеп жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде 37 жастағы әйел өз сүйіктісінің үстіне бензин құйып, өртеп жіберді, - деп хабарлайды YK-news.kz. Ер адам болса басқа бір әйелдің күйеуі екен.


Семейде 37 жастағы әйел өз сүйіктісінің үстіне бензин құйып, өртеп жіберді, - деп хабарлайды YK-news.kz. Ер адам болса басқа бір әйелдің күйеуі екен.

Басылымның мәліметінше, жұп сән салонында танысқан, бұл салонда әйел шаштараз болып жұмыс істеген. Алайда ер адам біршама уақыт өткеннен кейін әйелмен кездескісі келмей, тастап кеткен. Осы кезде әйел оны аңдып, қайтарғысы келіпті.  

Қайта-қайта телефон соға бергеннен кейін ер адам әйелді көлігімен айтқан жеріне жеткізіп салуға келісім береді. Көлікте әйел сүйіктісіне массаж жасай бастайды. Осы уақытта әйел медициналық қолғап киіп, ертеде дайындап әкелген бензин бөтелкесін шығарады. Сөйтіп, ол жігіттің арқасына бензинді шашып жіберіп, өртеген. Десе де, жалын салонға дереу өтіп, әйел адамның денесі де күйіп қалыпты. 

Оқиғадан екі апта өткеннен кейін ер адам ауруханада көз жұмады. Бірақ ол болған оқиғаны полицияға түгелдей айтып берген. Ал әйел өз кезегінде оқиғаның оқыстан болғанын айтып, ақталғысы келген. ШҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы қылмыскерді 16,5 жылға жалпы колонияға бас бостандығынан айырды. Алайда, әзірше сот үкімі заңды күшіне енбепті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети