06 қараша 2015 15:44

Семейде бір күзетші жұмыс орнын тонамақшы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© interfax.ru © interfax.ru

Семейде тау-кен өңдеуші кәсіпорнының күзетшісі жұмыс орнынан шикізат ұрлады, - деп хабарлайды YK-news.kz.


Семейде тау-кен өңдеуші кәсіпорнының күзетшісі жұмыс орнынан шикізат ұрлады, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Басылымның мәліметінше, шикізаттың құрамында алтын мен күміс болған. Оның жалпы құны 5 миллион теңгеден жоғары.

"Күзетші өз кезекшілігінде катод шөгіндісін ұрлап әкетпекші болды, оның құрамында алтын мен күміс болған. Алайда күзетшіні жеке күзет кәсіпорнында істейтін әріптестері ұстап алды", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, ұры күзетшіні Семей қалалық №2 соты кінәлі деп тауып, бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды.

Еске сала кетейік, осыған ұқсас оқиға Павлодарда болды. Бұған дейін Павлодарда күзетшілердің ақша ұрлаған сәтінің видеоға түсіп қалғаны хабарланған болатын. Күзетшілердің әрекеті бутиктегі жасырын камераға түсіп қалған. Камералар кассадан ақша жоғала бастағаннан кейін орнатылыпты. Видеодан ер адамдардың бірінің кассаға барғанын көруге болады. Осыдан кейін бутиктегі жарық сөндіріліп, біраздан кейін қайта жанады. Осы кезде "Күзет" фирмалық киімін киген қызметкер келіп, кассаға қарай жақындайды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети