18 тамыз 2015 18:22

Семейде қабылдау-бөлу бөлімінің басшысы сотталғандарды жалға берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vladtime.ru © Vladtime.ru

Семейде қызметтік лауазымын жеке басының мүддесі үшін пайдаланған қалалық қабылдау-бөлу бөлімінің басшысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Семейде қызметтік лауазымын жеке басының мүддесі үшін пайдаланған қалалық қабылдау-бөлу бөлімінің басшысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, сотталушы лауазым иесі бола тұра, ішкі қауіпсіздік тәртібі талаптарын бұзу жолымен адамдарды ағаш кесу жұмысына жегу үшін біреулерге жалға берген. Ол жалға берген үш адамның әрқайсысы үшін 7 мың теңге көлемінде қаражат алған. Баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, жұмысқа жегілген үш азаматты Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 2015 жылдың қаңтар-сәуір айларында бас бостандығынан ескертпелі түрде айырған.

"Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен мемлекеттік қызметте лауазымдық қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын ол жалпы режимдегі түзеу калониясында өтейтін болып табылды", - деп жазылған баспасөз хабарламасында. 

 
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети