Семейде миллиондаған айыппұлды төлей алмаған ер адам 7 жылға сотталды

20 Шілде 2017, 12:02
0
Семейде миллиондаған айыппұлды төлей алмаған ер адам 7 жылға сотталды - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Семей гарнизоны әскери соты бұрын айыппұл ретінде белгіленген жазаны 7 жыл бас бостандығынан айыру түріне ауыстырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Әскери сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Семей гарнизоны әскери сотында Семей қаласы бойынша әкімшілік айыппұлдарды өндіру және сот үкімдерін орындау бөлімі сот орындаушысының бұрын сотталған әскериге қатысты сот үкімі бойынша жазасын ауыстыру туралы ұсынысы қаралды.

"Сотта, Семей гарнизоны әскери сотының үкімімен ер адам ҚР ҚК-нің 28-бабының 5-тарауы, 366-бабының 3-тарауының 4 тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 21 000 000 теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалғандығы анықталды. Айыпталушыға қатысты от орындаушылар сот актісін орындау үшін айыппұлды төлеуге қатысты барлық шараларды қолданған. Алайда, сотталушы сот үкімін орындамаған. Осыған байланысты  сот орындаушы сот үкімі бойынша  тағайындалған айыппұл түріндегі жазаны, жазаның басқа түріне ауыстыру туралы ұсынысымен сотқа жүгінген", - делінген хабарламада. 

Сот қаулысымен айыппұл түріндегі жаза, 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай