Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Серік Ахметов: Маған тағылып отырған айыптар ойдан құрастырылған

13 Тамыз 2015, 19:19
1

Серік Ахметов сотта өзінің кінәсіздігінің дәлелін көрсетеді, - деп хабарлайды РИА Новости

Бүгін Қарағандының Мамандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында өткен сот отырысы кезінде бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов өзіне тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді. Ол бұл туралы атышулы іске байланысты сотталушыларға қатысты айыптау актісі оқылғаннан кейін мәлімдеді.  

"Маған тағылып отырған айыпты мойындамаймын. Кеше (сәрсенбіде) және бүгін (бейсенбіде) тағылған айыптар ойдан құрастырылған және істің нақты жағдайында негізгілері емес. Бұл сөзімді растау үшін мен және менің адвокаттарым сотқа сәйкес дәлелдерді көрсетеді және сәйкес дәйектерді келтіреді", - деп мәлімдеді Серік Ахметов процесс кезінде.

Еске сала кетейік, осыған дейін адвокаттардың істің пара алу эпизоды бойынша Серік Ахметовтің кінәсіздігін дәлелдеуге дайын екендігі хабарланған болатын. Серік Ахметовтің адвокаты - Николай Лесник оның пара алмағанын мәлімдеді. Ол "Металлургия-Металл өңдеу" индустриялық паркі аумағында жабдықтарды ауыстыру кезінде ақша аударымдары жүргізілген іскерлік хаттарды алдыру туралы кезекті өтінішін жазды. Қорғаушының сөзіне қарағанда, ол хаттар Ахметовтің индустриялық парк қаржысының жымқырылуына еш қатысы жоқ екенін дәлелдей алады.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай