Серік Ахметовтің өлімі туралы қауесет таратқан адам 5 жылға дейін сотталуы мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Серік Ахметов. Фото: Тұрар Қазанғапов Серік Ахметов. Фото: Тұрар Қазанғапов

Жамбыл облысының Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшысы Серік Ахметовтің өзіне-өзі қол жұмсағаны туралы қауесетті таратқан адам 2-ден 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысының Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшысы Серік Ахметовтің өзіне-өзі қол жұмсағаны туралы қауесетті таратқан адам 2-ден 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, Жамбыл облыстық ІІД тергеу басқармасы Байшеміровке қатысты қылмыстық істі қарап жатыр. Заңға сәйкес, қылмыстың мұндай түрін жасаған адамға 2-5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі. Қазіргі таңда Байшеміровке қатысты бұлтартпау шарасы қолданылып, ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды, сот психологиялық-филологиялық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, үй қамауында отырған бұрынғы министр суицид жасады делінген ақпарат 9 қаңтарда пайда болды. Ол әлеуметтік желілерде таралды. Келесі күні бұл қауесетті Қарағанды облысы мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департамент өкілдері жоққа шығарды. 24 қаңтарда Көгершін ауылында тұратын 1990 жылы туған Байшеміров ұсталды. Мойындау жауабын берді. Байшеміров "ВКонтакте" желісінде "Руслан Маекеев" деген атпен жалған аккаунт ашып, Серік Ахметовтің өлімі туралы ақпараты бар пост орналастырған. 

Айта кетейік, бұрынғы қорғаныс министрі 2015 жылдың 18 ақпанына дейін үй қамауында отырады. Cерік Ахметов бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деп айыпталып отыр. Тергеудің мәліметінше, оған тағылып отырған қылмысты ол Қарағанды облысының әкімі болып қызмет істеген кезде жасаған. Ол өз кінәсін мойындамайды. Серік Ахметов осы жылдың 22 қазаны күні қорғаныс министрі қызметінен өз еркімен кеткен болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.22  course up  601.59  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer