13 қазан 2015 14:22

Серікжан Мәмбеталин ұлттық араздықты қоздырғаны үшін ұсталды - ІІД

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серікжан Мәмбеталин. © Facebook.com Серікжан Мәмбеталин. © Facebook.com

Қоғам белсенділері Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаев ұлттық араздықты қоздырғаны үшін ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қоғам белсенділері Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаев ұлттық араздықты қоздырғаны үшін ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12 қазанда ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция өкілдерінің мәліметінше, бұған олардың әлеуметтік желілерде ұлттық араздықты қоздыру, ұлттық намысты және абыройды қорлау белгілері бар мәліметтерді таратты деген мәлімет себеп болған. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. "Мәмбеталин мен Нарымбаевтың тұрғылықты мекен-жайында тінту жасалды, заттай айғақтар тәркіленді", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети