Шалқарда 21 жастағы жігіт үш адамды атты

29 Шілде, 14:32
0
Шалқарда 21 жастағы жігіт үш адамды атты - © pixabay.com
© pixabay.com

Шалқарда 21 жастағы жігіт үш адамды атты. Жараланғандардың бірі қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

27 шілдеде шамамен 4:33-те аудандық аурухананың қабылдау бөлімінен Шалқар қаласындағы Айтеке би көшесінің "Мерей" сауда орталығына жақын маңда Айтеке би көшесі маңында бытыралы оқтан үш адам зардап шеккенін хабарлаған. 

Бұлар жергілікті тұрғындар. Олар әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен. Зардап шеккендердің бірі қайтыс болды. 

"Полицейлер жедел іздеу шаралары барысында ізін суытпай күдіктіні ұстады, ол 21 жастағы жергілікті тұрғын екені белгілі болды.Ол кінәсін мойындады", - делінген хабарламада. 

Күдікті 16-калибрлі аң аулау мылтығын стадионға жасырып қойған. Қару тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынды. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай