02 наурыз 2018 11:42

Шардарада әйел мен ер адам пышақталған. Оқиғаның мән-жайы

ПОДЕЛИТЬСЯ

38 жастағы әйел мен 43 жастағы ер адам пышақ жарақаттарымен Шардара ауруханасына жеткізілді. Бұл туралы ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасындағылар айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицейлер тексеріс кезінде ішімдік ішудің салдарынан олардың арасында жанжал шығып, күдіктінің 38 жастағы әйелге пышақ салғанын, сондай-ақ, оны тоқтатпақ болған әйелдің күйеуін де жарақаттағанын анықтады.

"Шардара аудандық ІІБ қызметкерлері жедел-тергеу шаралары барысында күдікті ретінде 35 жастағы ер адамды ұстады. Ол қамауға алынды. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети