22 қазан 2014 17:24

Шаяхметовтің қылмыстық ісі қосымша тергеуге жіберілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Шаяхметовтің қылмыстық ісі қосымша тергеуге жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі алғашқы инстанциядағы соттың Қазақстан Білім және ғылым министрінің бұрынғы орынбасары Саят Шаяхметовке қатысты қылмыстық істі қосымша тергеуге жіберу туралы шешімі қаралған сот залынан.


Шаяхметовтің қылмыстық ісі қосымша тергеуге жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі алғашқы инстанциядағы соттың Қазақстан Білім және ғылым министрінің бұрынғы орынбасары Саят Шаяхметовке қатысты қылмыстық істі қосымша тергеуге жіберу туралы шешімі қаралған сот залынан.

"Астананың Алматы аудандық №2 сотының қылмыстық істі қосымша тергеуге жіберу туралы қаулысы өзгеріссіз қалдырылсын. Прокурор мен адвокаттар Рустамбекова, Бетақым, Гутаровалардың жеке қарсылығы қанағаттандырусыз қалсын", - деді қылмыстық істер жөніндегі қалалық соттың апелляциялық алқасының судьясы Алма Есімова.

Мұның алдында мемлекеттік айыптаушы аудандық соттың Саят Шаяхметовті айыптау жөніндегі қылмыстық істі тергеуге қайта жіберу туралы қаулысын қабылдамауды талап етіп, қарсылық білдірген еді. 

Істі қайта тергеу туралы өтінішті бұрын сотталушының адвокаты Нұрлан Бейсекеев берген болатын. Ол алғашқы инстанциядағы соттың істі қосымша тергеуге жіберу туралы қаулысының заңды екенін мәлімдеді. 

Бұған қоса, бұрынғы вице-министрді қорғаушы тарап сотта ҚР Білім және ғылым министрлігінің басқа да шенеуніктерін жауапкершілікке тарту туралы мәселені көтеру қажеттігін айтты.

Айта кетейік, осы жылдың шілде айында Астанада Білім және ғылым министрінің бұрынғы орынбасары Саят Шаяхметовті және тағы үш адамды Өскемендегі білім нысандары құрылысына бөлінген бюджет қаражатын талан-таражға салды деп айыптау жөніндегі сот отырысы басталған еді. Өзін зардап шегуші тарап деп таныған Білім және ғылым министрлігі қылмыстық іс фигуранттарынан 1 миллиард теңгеден астам қаржыны өндіруді талап етті

Өткен жылдың сәуір айында қаржы полициясы Өскеменде 700 орындық білім мекемесі құрылысы кезінде бюджеттің 1,5 миллиард теңгеге жуық қаржысын жымқыру және талан-таражға салу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдік бойынша вице-министр Саят Шаяхметов, "ҚР салынып жатқан білім және ғылым нысандары дирекциясы" ЖШС бас директоры Александр Пак және "ЗАК Сервис" ЖШС құрылыс компаниясының өкілдері Роман Киреев пен Алексей Тутубалин ұсталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети