06 қараша 2019 09:38

Шекарашылар 9 браконьерді ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында шекарашылар 9 браконьерді және бір шекара бұзушыны құрықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматы облысында шекарашылар 9 браконьерді және бір шекара бұзушыны құрықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жуырда ғана браконьерлердің заңсыз әрекетінің кесірінен "Охотзоопрома" инспекторы қаза тапқан сәтте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев браконьерліктің жазасын қатайтуды тапсырған еді.

Соған қарамастан, заңның талабынан қорықпайтын кейбір азаматтар әсіресе шекаралық аймақтарда заңсыз әрекеттермен айналысуды жалғастыруда. Алайда, олар шекарашылар мен шекара маңында тұратын халықтың қырағылық факторын ескере бермейді.

"Өткен демалыс күндері ерікті жасақтың мүшесінен келіп түскен ақпарат бойынша Шонжы шекара жасағының шекарашылары "Талдысай" шатқалында 9 браконьерді қылмыс үстінде қолға түсірді. Барлығы да ҚР азаматы. Құқық бұзушылардың қолында аң аулайтын қару-жарақ және сойылып бұзылған бір қапшық ет болды. Одан әрі, Нарынқол аудандық полиция бөлімінің, прокуратура мен ҰҚК қызметкерлерімен берлесіп жүргізген тиісті іс-шаралар барысында тағы да 4 қару-жарақ запас ұңғыларымен, оқ-дәрілерімен, сондай-ақ 60 келіден аса ет және мүйізі бар Маралдың басы табылды", - делінген хабарламада. .

Ұсталғандар заттай айғақтарымен бірге Райымбек аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети