29 қазан 2015 16:48

ШҚО-да 96 миллион теңгені қолды қылып, ақшаның жартысын таксиде ұмытып кеткендерге жаза кесілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© yk-news.kz © yk-news.kz

Шығыс Қазақстанда 96 миллион теңгені қолды қылып, ақшаның жартысын таксиде ұмытып кеткен ұрыларға жаза кесілді, - деп хабарлайды YK-news.kz.


Шығыс Қазақстанда 96 миллион теңгені қолды қылып, ақшаның жартысын таксиде ұмытып кеткен ұрыларға жаза кесілді, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Басылымның мәліметінше, Глубокое аудандық сотының үкімімен ұрылардың бірі 8,5 жылға сотталып, мүлкі тәркіленетін болды, ал екіншісі 8 жылға бас бостандығынан айырылды, оның да мүлкі тәркіленеді. Айта кетейік, үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстанда 96 миллион теңгені қолды қылған ұрылардың ақшаның жартысын таксиде ұмытып кеткені хабарланған болатын. 26 тамызда полицияға Березовка ауылының тұрғыны арызданды, ол жергілікті шаруа қожалығының иесі. Әйел үйінен ақша мен бағалы заттардың ұрланғанын айтқан. 155 мың евро, 150 мың доллар, үш миллион рубль, сонымен қатар, шамамен жарты миллион теңге тұратын алтын бұйымдар ұрланған. Қомақты соманы бұрын сотталған жігіттер қолды қылды. Күдіктілер ақшаның жартысын өз керектеріне жұмсап, екі миллион рубльге жуық ақшаны таныс қызға сыйлаған, ал қалған ақшаны таксиде ұмытып кетіпті.

Полицейлер күдіктілерді бұрын сотталғандардың арасынан іздеп, бесінші тәулікте екі жігітті ұстады, олар өз кінәларын мойындады. Олардың бірі - 25, екіншісі 30 жаста. Біріншісі қарақшылық үшін, ал екіншісі ұрлық үшін сотталған. Сонымен қатар, олардың бірінің осыдан бір жарым ай бұрын ғана түрмеден шыққаны анықталды. Полицейлер қолды болған қаржының 80 пайызын ғана тәркілеген. Жігіттер қалған сомаға қымбат техника, киім-кешек пен ішімдік сатып алыпты. Сонымен қатар, таныстарына таратқан, әсіресе қыздарға мұндай сыйды жиі жасаған көрінеді. Күдіктілердің танысы 1 миллион 700 мың рубльді полицейлерге өз еркімен тапсырды. Одан бөлек, жергілікті такси жүргізушісі көлікте қалып қалған 105 мың евро мен 40 мың долларды полицейлерге әкеліп берді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети