26 қаңтар 2020 11:15

ШҚО-да ақталып шыққан басқарма басшысына қатысты қылмыстық іс қайта қаралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Шығыс Қазақстан облысының ТҮКШ және энергетика басқармасы басшысына қатысты үкім қайта қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.


Шығыс Қазақстан облысының ТҮКШ және энергетика басқармасы басшысына қатысты үкім қайта қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Биыл 24 қаңтарда Шығыс Қазақстан облыстық сотының аппеляциялық сот алқасының қаулысымен "Шығыс Қазақстан облысының ТҮКШ және энергетика басқармасы" ММ басшысы М.Х.Мұсатаевқа қатысты шыққан ақтау үкімінің күші жойылды.

"Ол ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік органдарда лауазым иелену құқығынан өмір бойына айыру және мемлекеттік награда - "Құрмет" орденінен айыру туралы енгізілген ұсыныспен бірге, 40 миллион теңге көлемінде айыппұлмен жазаланды", - делінген хабарламада. 

Осыған дейін, ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен М.Х.Мұсатаев азаматтан өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурстарының жеңімпазы ретінде ЖШС-ны тану мәселесін оң шешіп бердім деп жаңылыстырып, 4 миллион теңге көлемінде ақшалай қаражатты алдау жолымен иемденді деген күдікке ілінген болатын.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети