Шығыс Қазақстан облысында 35 жастағы әйел мен оның 2-10 жас аралығындағы үш баласының денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Төртеуі де асылған күйі табылған. Оқиға орнына барған полицейлер төртеуінің де буынып өлгенін растады.

"ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша жүргізіліп жатқан тергеу барысында қылмыстың негізгі нұсқасы анықталды: болжам бойынша, анасы өз балаларын дарға асып, кейін өзі асылып қалған", - деді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Торғаев.
Әзірше оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.