12 шілде 2017 16:39

ШҚО-да бір әйел полицейдің басынан унитаздың қақпағымен ұрған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© santehplast.ru © santehplast.ru

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны ювенал полиция қызметінің қызметкеріне шабуыл жасады. Полицей әйел мас күйде болған тұрғынның баласын алып кетпекші болған. Ашуға булыққан әйел құқық қорғау органдары қызметкерін ауыр унитаз қақпағымен ұрған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Риддер қалалық сотының мәліметінше, оқиға отбасылық жанжалдан басталған. Жергілікті тұрғын өз пәтерінде 19 жастағы келінін мас күйінде тапқан. Бір жасар немересі де сол пәтерде болған. Әжесі немересін қауіпсіз жерге алып кетпекші болған, алайда келіні енесіне дөрекі түрде жауап қайтарған. Өз күшімен алып кете алмайтынын сезген әйел полиция шақырған. 

Учаскелік полицейдің орнына ювенал полиция қызметкерлері келген. Олар кіріп келгенде, мас күйдегі қыз олардың біреуіне жұдырық ала жүгірген, сосын балконға қарай қашып, секіріп кетпекші болған. Бірақ ювенал полиция қызметінің өкілі оны ұстап қалған, сол кезде 19 жастағы қыз унитаздың қақпағын алып ведомство қызметкерін ұра бастаған. 

Сосын тәртіп сақшылары шабуылдаушының әрекетін тоқтатып, полиция бөліміне жеткізген. Абырой болғанда, билік өкілі ауыр жарақат алмапты. 

19 жастағы риддерлік қыз қызмет бабында жүрген билік өкіліне қол көтергені үшін шартты түрде бір жылға бас бостандығынан айырылды.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети