29 сәуір 2016 16:01

ШҚО-да ер адам жауапкершіліктен жалтару үшін полицейге шабуылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Құқықбұзушыны сотқа апара жатқан қызметтік көлікте шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Tengrinеws.kz тілшісі.


Құқықбұзушыны сотқа апара жатқан қызметтік көлікте шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Tengrinеws.kz тілшісі.

Оқиға 28 сәуірде шамамен 13.00-де, Бесқарағай аудандық жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы қызметтік көлігімен Глуховка ауылынан Бесқарағай әкімшілік сотына екі құқықбұзушыны және олардың шешесін апара жатқан кезде болған. 

36 және 32 жастағы ағайындылар өз анасына қорлау мәніндегі сөз айтып, салдарынан анасы полицияны шақырған. Учаскелік полицей әкімшілік хаттама толтырып, қызметтік көлігімен осы істің қатысушыларын әкімшілік сотына жеткізбекші болған. Алайда жолда ағайындылардың бірі кенеттен тізгінде отырған полицейге шабуыл жасап, оның басынан соққы жасай бастаған. Салдарынан қызметтік көлік аударылып кетеді. 

Полицейге шабуылдаған адам мен оның анасы және тәртіп сақшысы түрлі деңгейде жарақат алған. Ал арызданған әйелдің үлкен ұлы алған жарақатынан ауруханада көз жұмған. "Шабуылдаған ер адам кішігірім жарақат алды. Қазір осы іс бойынша "Билік өкіліне күш қолдану" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, бұл бап екі мың АЕК көлеміндегі айыппұл немесе екі жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады. Жасалған қылмыстың ауырлығын есепке ала отырып, осы жағдайда ұсталған ер адам айыппұлмен құтылмауы мүмкін. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Екі құқықбұзушы да ШҚО-дағы Глуховка ауылының тұрғыны. Бұған дейін сотталмаған. Бесқарағай әкімшілік сотында олардың ісі "Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер" бабы бойынша қаралуы керек еді. Бұл бапта жазалау түрі - ескерту жасау не үш тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алу.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети