06 желтоқсан 2019 12:10

ШҚО-да халықаралық іздеуде жүрген есепші ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықаралық іздеуде жүрген медициналық мекеменің бас есепшісі Шығыс Қазақстан облысында ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің жедел іздестіру іс-шараларының кешені нәтижесінде сотқа дейінгі тергеу бойынша аса ірі мөлшерде ақша жымқырды деген күдікпен халықаралық іздестіруде жүрген "Меновное ауылының дәрігерлік амбулаториясы" ШЖҚ КМК-ның бас есепшісі ұсталып, Өскемен қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Ол 38 миллион теңге мөлшеріндегі бюджет қаражатын өзінің карточкалық шотына заңсыз аудару арқылы ұрлады деп күдікке ілінген. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тергеу жүргізілуде, басқа ақпарат тергеу мүдделеріне байланысты жария етілмейді", - делінген хабарламада. 

Күдікті кінәсінің деңгейін анықтай отырып, оған қатысты соңғы шешімді сот шығарады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети