ШҚО-да жаңа министрлікке қарасты департаменттің қызметкері парамен ұсталды

22 Ақпан 2017, 12:32
0
ШҚО-да жаңа министрлікке қарасты департаменттің қызметкері парамен ұсталды -

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты департаменттің қызметкері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ШҚО-да Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментінің директорының орынбасары 6,2 миллион теңге алып жатқан сәтінде ұсталған.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментінің директорының орынбасары Е.Арпапабевты ұстады. Ол заңсыз сыйақыны облыстағы кәсіпорындардың бірінің өкілінен Министрлікің мемлекеттік материалдық резеврі Комитетімен мемлекеттік сатып алу туралы келісімшартқа қол қою үшін алған", - делінген Ұлттық бюроның хабарламасында.

Антикоррупциялық қызметтегілер Арпабаевтың Өскемендегі ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлап отыр. Соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін құру туралы Қаулы 6 қазанда Ақорданың сайтында жарияланған болатын. Айта кетейік, министрлік қызметінің негізгі бағыттары - қорғаныс, аэроғарыш өнеркәсібі және электрондық өнеркәсіп, ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік), жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, бірыңғай әскери-техникалық саясатты және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүргізуге қатысу, қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы басшылық.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай