06 сәуір 2017 | 12:36

ШҚО-да қаза тапқан ағайындылардың бірінің әйелі: "Ол үй салғысы келген еді"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сапар Әшетаев әйелімен бірге. Сапар Әшетаев әйелімен бірге.

ШҚО-дағы Шешек асуында қаза тапқан Сапар Әшетаев пен Айбек Қанжекеновтің туыстары ағайындылар жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ШҚО-дағы Шешек асуында қаза тапқан Сапар Әшетаев пен Айбек Қанжекеновтің туыстары ағайындылар жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Туыстарының айтуынша, тіс дәрігері болып жұмыс істеген Айбек Қанжекеновтің артында жасы 1,5-ға келген егіз баласы мен 10 күн ғана толған қызы қалған. Марқұмның туыстары оның тірі емес екеніне әлі де сене алмай жатыр. Сапар Әшетаевтың жақындарына да мұндай қазаға сену қиын болып отыр.

"Сапар әлемдегі ең мейірімді әрі ақжарқын адам еді. Мен болған жағдайдан әлі есімді жия алмай жатырмын. Оның артында екі баласы қалды: ұлы үш жаста, қызы өткен аптада бір жасқа толған еді. Біздің жоспарларымыз бар еді. Сапар отбасымызмен бірге тұратын үлкен үй салғысы келген еді, осыны қатты қалаған еді", - дейді қаза тапқан Сапардың Әшетаевтың әйелі Айжан.

Әйелдің айтуынша, ол күйеуін өлтірген күдіктілерді жазаға тартқысы келмейді. Ал туыстары болса, әділдікке жетпекші. Олар қылмыскерлердің жазаланғанын қалайды.

"Біз әлеуметтік желілерде үндеу жасадық. Себебі біз бұл іс тоқтап қалады деп қорықтық. Қазір үндеудің арқасында тергеу толықтай жүргізіліп жатыр. Қылмыс құралдары, қаза тапқандардың денелері де табылды. Оларды біреулердің өлтіріп кеткенін біле тұра, біз қатты қорқынышпен өмір сүрдік. Жақсы көретін адамдарымызбен адамша қоштаса аламыз ба, жоқ па - соны ойладық", - дейді қаза тапқандардың туыстары.

Сондай-ақ, туыстарының айтуынша, олар кеше облыстық прокуратураның басшылары мен ШҚО ІІД өкілдерімен кездескен. Олар туыстарына жантүршігерлік қылмысты тергеу жұмыстарының барынша айқын болатынын айтқан және қаза тапқандардың туыстарына тергеу шараларына қатысуды ұсынған.

Еске сала кетейік, осыған дейін Өскемендегі ағайынды жігіттердің өліміне Жоғарғы сот пен ІІД қызметкерлерінің қатысты болуы мүмкін екені айтылған болатын. "2017 жылдың 31 наурызында Шығыс Қазақстан облысы Тергеу басқармасы Өскеменнің екі тұрғынының өліміне қатысты тергеу бастады", - делінген еді прокуратура хабарламасында.

Ал кейінірек қаза тапқан ағайындылардың денелерінің дәретханаға арналған шұңқырдан табылғаны хабарланған еді. Күдіктілер олардың денелерін дәретханаға арналған шұңқырға тығып қойған болып шықты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети