ШҚО-да оралман бизнесменнің отбасындағы екі адамды өлтіріп, әйелдер мен балаларды газбен уламақ болғандарға жаза кесілді

10 Ақпан 2018, 13:56
0
ШҚО-да оралман бизнесменнің отбасындағы екі адамды өлтіріп, әйелдер мен балаларды газбен уламақ болғандарға жаза кесілді - Қаза тапқандардың туыстары. © Altaynews.kz
Қаза тапқандардың туыстары. © Altaynews.kz

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Көкпекті ауылында екі адамды өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты, деп жазды Altaynews.kz.

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының тұрғындары Расул Ысқақов пен Сұңғат Сафаев өмір бойына бас бостандығынан айырылды, олар Қытайдан келген оралмандардың отбасына түнде қарақшылық шабуыл жасаған. Қылмыс әрекетінде жүргізушінің рөлінде болған үшінші адам Иван Федотов жеті жылға сотталды.

"Қылмыскерлер отағасы мен оның әкесін атып кеткен, әйелі ауыр жараланған. Үйде әже мен екі бала болыпты. Ысқақов пен Сафаев қансырап жатқан әйел мен әжені скотчпен орап, балаларды бөлмеге қамап, газ баллонын ашып кеткен. Қылмыскерлер куәгерлерден осылайша құтылмақ болыпты. Балалар мен әйел әженің арқасында аман қалды. Ол скотчпен ораулы күйінде төсектен сырғанап түскен, оның үстіне қаскөйлер май құйып кеткен, сол маймен еденде сырғанап, баллонға жеткен. Осылайша ол туғандарын тірі алып қалды. Қылмыскерлер бизнесменнің отбасына шабуыл жасауға алдын ала дайындалған, адам өлтіруді жоспарламапты, жалғыз мақсат ақшаны алу болған", - деді судья Людмила Побияха.

© Altaynews.kz

Соттың айтуынша, екі қылмыскерге тағылған жаза, яғни өмір бойына бас бостандығынан айыру Қазақстан Республикасында ең жоғары мерзім болып саналады. Ату жазасы лаңкестік әрекетке қолданылады, бірақ Қазақстанда оған мораторий жарияланған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ және оған 15 күн ішінде шағым түсіруге болады.

Еске сала кетейік, оқиға 2017 жылы 11 қыркүйекке қараған түні болды. Қаруланған адамдар жеке үйге қарақшылық шабуыл жасады. Белгісіздер отағасына оқ атып, отбасының қалған мүшелерін байлап тастаған. Өкінішке қарай, ауыр жарақат алған ер адам сол жерде көз жұмған. Қарақшылар үйден миллион теңгеден аса ақшаны алып кеткен.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай