05 қаңтар 2017 12:43

ШҚО тұрғыны кәмелетке толмаған екі қызды азғырды деген күдікпен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© svidetel24.info © svidetel24.info

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының тұрғыны 1,5 жыл бойы кәмелетке толмаған екі қызды азғырды деген күдікке ілінді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ер адамды  ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының тұрғыны 1,5 жыл бойы кәмелетке толмаған екі қызды азғырды деген күдікке ілінді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ер адамды  ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамның кәмелетке толмаған екі қызды азғырып жүргені жайлы қыздардың ата-анасы хабарлаған. Отбасының досы біраз уақыт бойы олардың үйіне келіп жүріп, 5 және 6 жасар қыздармен жиі әңгімелескен. Ал желтоқсан айында қыздар ата-аналарына ер адамның олармен қалай сөйлесіп жүргенін айтып берген.

Айта кетейік, ер адам полицейлерге 2015 жылдың ортасынан бастап екі қызды азғырып келгенін мойындады. Ал кәмелетке толмаған қыздар, алдын ала мәлімет бойынша, осы уақыт бойы не болып жүргенін түсінбей келген. Сондықтан олар ата-аналарына бұл туралы ұзақ уақыт айтпай келген.

"Бұл дерек Ұлан аудандық ішкі істер органдарының бірыңғай тергеу реестрне тіркелді. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Бұлтартпау шарасы ретінде күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды. Тергеу аяқталған соң, процессуалдық шешім қабылданатын болады. Тергеу жұмыстары ШҚО ІІД басшылығының ерекше бақылауында", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети