18 қыркүйек 2020 13:13

Мас күйде шлагбаумды сындырған астаналық тұрғындардан кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Скрин видео Скрин видео

Нұр-Сұлтандағы тұрғын үйлердің бірінде мас ер адам шлагбауымды сындырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтандағы тұрғын үйлердің бірінде мас ер адам шлагбауымды сындырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға Күйші Дина, 22 көшесінде болған. Тұрғын үйдің ауласындағы бейнебақылау камерасындағы видеода екі ер адамның мас болғанын көруге болады. Кейін екеуінің біреуі шлагбаумды аяғымен теуіп, майыстырады. Оқиға болған жерге Алматы ауданының учаскелік полиция инспекторы Жұмаділов келген.

Тәртіп сақшысы олардың кім екенін анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Ішімдік ішкені және қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін күдіктілерге 5 АЕК (13890 теңге) мөлшерінде айыппұл салынған.

"Шлагбаумды сындырғаны үшін тәртіпбұзушыларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы 1-бөлігі ("Ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік іс қозғалды. Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты оларға 10 АЕК (27780 теңге) мөлшерінде айыппұл салды", - делінген хабарламада.

Күдіктілер тұрғындарға келген шығынды өтеп, кешірім сұраған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети