Ішімдік ішкен күйеуінің қолын оқтаумен сындырған әйел сотталуы мүмкін

21 Қараша 2017, 10:38
0
Ішімдік ішкен күйеуінің қолын оқтаумен сындырған әйел сотталуы мүмкін - © vladtime.ru
© vladtime.ru

Алматы облыстық Ішкі істер департаменті 46 жастағы ер адамды ұрып-соғу дерегін тексеріп жатыр. ІІД мәліметінше, әйелі осы істе күдікті ретінде қарастырылып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл дерек Ақсу ауданында тіркелген. Ведомсто өкілдерінің айтуынша, ер адам жергілікті ауруханаға бірнеше дене жарақатымен және ісікпен, сондай-ақ, қолы сынған күйде жеткізілген.

"Істің мән-жайын анықтау кезінде ер адам полицияға шағымданудан бас тартқан. Онымен қоса, полицейлер ер адамның 36 жастағы әйелімен арасында жанжал болғанын анықтады. Оған себеп күйеуінің үнемі ішімдікке салына беруі болған. Полицейлер зардап шеккен ер адамның оқтаудан соққы алғанын анықтады", - деді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Осы іс ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы бойынша ("Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру") тергеліп жатыр.

"Бірақ ерлі-зайыпты татуласуларына байланысты қылмыстық істің тоқтатылуын сұрап отыр", - деді ІІД өкілдері.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай