Шығыс Қазақстанда ауру баласын шынжырмен байлап ұстаған тұрғынға айыппұл салынды

18 Маусым 2015, 14:38
0
Шығыс Қазақстанда ауру баласын шынжырмен байлап ұстаған тұрғынға айыппұл салынды - ©nn.by
©nn.by

Шығыс Қазақстан облысы Черемшанки ауылының тұрғынына психикалық ауытқушылығы бар баласын шынжырмен байлап ұстағаны үшін ірі көлемде айыппұл салынды, - деп хабарлайды YK-news.kz. Ер адам өз кінәсін толықтай мойындады.

Сот отырысында Данил Ромашов өз баласы Андрейді қысты күні үйден қашып кете бермеуі үшін шынжырмен байлап ұстағанын айтып берді. Оның айтуынша, 12 жастағы жасөспірім психиатрдың есебінде болған. Осыған дейін жасөспірімді шешесі бағыпты, алайда оның өлімінен кейін әкесі жаңа әйелімен бірге баланы асырай алмаған. Сөйтіп, ол өз баласын шынжырмен байлап, шаруаларымен Риддер қаласына кетіп қалыпты. Осы уақытта баласы қамаудан шығып, үйінің жертөлесінен өз бетімен шығып, жақын маңда тұратын туысының үйіне қашып барған. Олар өз кезегінде тәртіп сақшыларын шақырады.

Сот Ромашовты ата-ана құқығынан айырып, баласын психикалық дамымай қалған жетім балаларға арналған мектеп-интернатқа жіберді. Жасөспірім үйден өгей шешесінің жақсы көрмегені үшін қашып кетіп қалып жүргендігін айтып берді. Алайда ол өз әкесін кешіріп, ауыр жазаға кеспеуін сұрады. Нәтижесінде Глубоковский аудандық соты Данил Ромашовға 80 АЕК (158 560 теңге) көлеміндегі айыппұлды салды.

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай