10 қыркүйек 2015 11:01

Шығыс Қазақстанда жүрегі ауырып ауруханаға түскен қыз жедел жәрдем көлігін тонады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© medekb.kz © medekb.kz

Шығыс Қазақстанда аудандық аурухананың пациенті жедел жәрдем көлігін тонады, - деп хабарлайды Yk-news.kz.


Шығыс Қазақстанда аудандық аурухананың пациенті жедел жәрдем көлігін тонады, - деп хабарлайды Yk-news.kz.

Басылымның мәліметінше, оқиға Глубокое ауылында болған. Ауыл тұрғыны ауруханаға барып жүрегінің ауыратынын айтқан, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін жедел жәрдем көлігінен қолына түскен дәрілердің барлығын алып кетіпті.

"Глубокое ауылының 24 жастағы тұрғыны күні бойы құрбысының үйінде болған. Қыздар ішімдік ішкен. Кешке қарай қыздың жүрек тұсы қатты ауыра бастапты. Ол аудандық ауруханаға барып, ол жерде алғашқы көмек көрсетілді. Оның жағдайы көмек көрсетілгеннен кейін жақсара түсті", - делінген жарияланымда. 

Осыдан кейін қыздың көзі жедел жәрдем көлігіне түседі, оның ішінде ешкім болмапты, ол көліктің салонына кіреді. Көліктің ішін ақтарып, ақыры жалпы сомасы 60 мың теңгеден жоғары тұратын дәрі-дәрмектер мен құралдар салынған шабаданды көреді. Ол көліктен түсіп, ештеңе болмағандай қолды қылған заттармен бірге үйіне қайтқан.  

Тонау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Сот залында іс ымыраласумен аяқталды. Аурухана басшылығы кешірім беріп, ұрланған заттардың барлығының қайтарылғанын айтты, кешірім сұралып, айыптыға тағар кінәларының жоқ екені айтылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети