13 қазан 2017 15:23

Шымкент полицейлері 50 миллион теңгені ұрлаған үш жігітті ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент қаласында полицейлер аса ірі көлемде жасалған ақша ұрлығын ашты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап. 


Шымкент қаласында полицейлер аса ірі көлемде жасалған ақша ұрлығын ашты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап. 

2017 жылдың қазанның 2-нен 3-іне қараған түні шамамен сағат 02.00-де Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің кезекші бөліміне Ескі қалашық мөлтекауданындағы дүкендерде ұрлық жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген Әл-Фараби ПБ-нің жедел тергеу тобы белгісіз тұлғалар құрылыс дүкеніне кіріп, 50 миллион теңгені ұрлап кеткенін анықтады.

Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы "Ұрлық" бойынша Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ СДТБТ-не тіркелді. Осы қылмысты ашу мақсатында полиция бөлімінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел тергеу тобы жасақталды.

Әл-Фараби полиция бөлімшесі жедел ізкесушілері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында 5 күдікті азаматтың 3-уін ұстады. Олардың барлығы да Шымкент қаласының 1994, 1992 және 1989 жылғы тұрғындары. Ұсталғандардың бірі дүкеннің жұмысшысы болып шықты. Айғақты зат ретінде 8 000 000 теңге ұрланған ақшаның бір бөлігі мен күдіктілердің қылмыс жасаған автокөлігі тәркіленіп алынды. Ақша заңды иесіне қайтарылды.
Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның орын алу барысын анықтады. Күдіктілер қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жедел ізкесушілер қылмыс жасаған қалған күдіктілерді іздестіруде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети