03 ақпан 2017 09:29

Шымкент полицейлері ұры туралы мәлімет берген азаматқа жарты миллион теңге сыйақы тағайындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент полицейлері ломбардты тонаған ұры туралы мәлімет беріп, суреттегі адамды танып, оны табу жолдарын анықтауға көмектескен азаматқа жарты миллион сыйақы бермекші, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Шымкент полицейлері ломбардты тонаған ұры туралы мәлімет беріп, суреттегі адамды танып, оны табу жолдарын анықтауға көмектескен азаматқа жарты миллион сыйақы бермекші, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

11 қаңтарда ер адам медициналық бетперде мен күнге қарсы көзілдірік тағып, ломбард кассирін аң аулауға арналған шолақ қарумен қорқытып алтын бұйымдар мен ақша беруін талап еткен. Осыдан кейін ол әйелдің кеуде тұсынан оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен. Ломбард қызметкерін жедел жәрдем қызметі қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізген. 

Сыйақы туралы хабарландыруды Шымкент қаласының жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан Facebook желісіндегі өз парақшасында жариялаған. 

"Жарты миллион теңге көлемінде сыйақы (500 000), суреттегі адамды танып, оны табу жолдарын анықтауға көмектескен азаматқа. Бұл адам медициналық бетке арналған маска киіп, көзінде көзәйнек, қара бас киімде, 11 мөлтек ауданында орналасқан "Сейф ломбард" тың ішінде қолындағы қаруымен 33 жасар әйел азаматшаның көкірек тұсына атқан. Кейіннен қылмыскер оқиға орнынан бой тасалаған, ал азаматша өкпе және бауыр жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Аталған қылмыскердің мекен жайы туралы ақпарат және полициямен тығыз байланыстарыңыз үшін сыйақы бар. 87010130102, 535252 немесе 102 телефондарына хабарласыңыздар. Конфидециалдық түрде болатынына кепілдік береміз. Максималды репост", - деп жазды Мейірхан. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети