25 мамыр 2016 09:33

Шымкентте BMW жүргізушісі алты жасар баланы қағып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tvk-uko.kz © tvk-uko.kz

Шымкентте BMW көлігінің жүргізушісі алты жасар баланы қағып өлтірді, - деп хабарлайды TVK телеарнасының тілшілері. Жол апаты мамырдың 24 күні Астана даңғылы бойындағы Нұрсат ықшамауданында болған.


Шымкентте BMW көлігінің жүргізушісі алты жасар баланы қағып өлтірді, - деп хабарлайды TVK телеарнасының тілшілері. Жол апаты мамырдың 24 күні Астана даңғылы бойындағы Нұрсат ықшамауданында болған.

Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші тоқтап, баланы көлігіне салып, ауруханаға жеткізіпті. Алайда баланың өмірін аман алып қалу мүмкін болмаған. Бұл оқиға туралы баланың анасына көршілер айтыпты. Сонымен қатар, бейресми мәліметтерге сүйенсек, бала көпқабатты үйдің ауласына жүгіріп шығып, көліктің астына түскен. Жүргізуші көлікті тоқтатып үлгере алмай, баланы қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша полиция қызметкерлері тексеріс жүргізіп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети