15 қыркүйек 2017 11:26

Шымкентте алты баланың анасы полицей формасын киіп, тұрғындардың ақшасын жымқырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ОҚО ІІД баспасөз қызметі © ОҚО ІІД баспасөз қызметі

Шымкентте алаяқтық жасады делінген жалған полицей әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Шымкентте алаяқтық жасады делінген жалған полицей әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Шымкент қалалық ІІБ қызметкерлері 36 жастағы жалған полицейді ұстады, ол "полиция лейтенанты" формасын киіп, азаматтардың сеніміне кіру арқылы алаяқтық жолмен ақша алып отырған", - делінген хабарламада. 

Полицияға 13 қыркүйекте бірнеше жәбірленуші хабарласып, өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстыру арқылы жұмысқа тұруға көмектесетінін айтып, ақшасын алып қойған әйел туралы хабар берген. 

Жәбірленушілердің бірі - 53 жастағы әйел алаяқтың полиция қызметкері ретінде таныстырып мүгедек ретінде есепке алуға көмек беретінін айтқан. Алаяқ оған жалған анықтама көрсетіп, 100 мың теңгесін қағып алғаннан кейін ұшты-күйлі жоғалған. 

"Жедел-іздестіру шараларының барысында Шымкент қалалық ІІБ жедел уәкілдері 1981 жылғы жергілікті тұрғынды ұстады, ол бұрын сотты болған. Ұсталған әйелдің айтуынша, ол алты баланың шешесі және қаржылай қиындыққа тап болғандықтан бірнеше рет алаяқтық жасаған", - дейді ОҚО ІІД өкілдері. 

Күдіктінің жалға алған пәтерін тінту барысында ішкі істер бөлімінің "полиция лейтенанты" шеніндегі формасы және басұа да заттай айғақтар табылған. 


© ОҚО ІІД баспасөз қызметі

Полицейлердің айтуынша, қазіргі уақытта ұсталған азаматшаның жалпы сомасы жарты миллион теңгеге жасалған төрт алаяқтық дерекке қатысы бары анықталған. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша іс қозғалыпты. Соталды тергеу жүріп жатыр. 

Осыған орай қалалық полицейлер 36 жастағы жалған полицейдің әрекетінен зардап шеккен тұрғындарды "102" нөміріне хабар беруді сұрап отыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети