07 шілде 2015 17:33

Шымкентте әйелді зорлап өлтірген ер адам Қырғызстанға қашып кетпекші болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© uanos.com © uanos.com

Шымкентте әйелді зорлап өлтірген ер адам Қырғызстанға қашып кетпекші болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкентте әйелді зорлап өлтірген ер адам Қырғызстанға қашып кетпекші болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 шілде күні Еңбекші аудандық ІІБ-ге қаладағы көшелердің бірінде зорлап өлтірілген белгісіз әйелдің мәйіті жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы зерттеу барысында мәйіттің басынан ауыр затпен бірнеше рет ұрып, қатігездікпен өлтірілгенін анықтады. Полицейлер жәбірленушінің Шымкенттің 26 жастағы тұрғыны екенін анықтады.  

"Полиция қызметкерлері жақын маңдағы аулаларды тінту және бейнебақылау камераларын зерттеу барысында күдіктінің түр-тұлғасын анықтады. Куәгерлердің сөзінен қылмысқа қатысы бар күдіктінің азиат нәсілді, жасы 30-34 шамасындағы ер азамат екені, оның Жамбыл облысына кететін таксиге мінгені анықталды және ол үш күннің ішінде, Тараз қаласында таксиден таксиге мініп жатқан жерінде ұсталды", - делінген хабарламада.

Тергеу барысында күдіктінің Шымкент қаласының 34 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ол көрші Қырғызстан Республикасына өтіп кетпекші болған. Қазіргі таңда күдікті қылмысын толық мойындады және ол қамауда отыр. Оның үстінен ҚР ҚК 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін 4 шілдеге қараған түні қаланың №11 ықшамауданында бір келіншектің денесінің табылғаны хабарланған болатын. Оның басы тастан езіліп кеткен. Оның үстінде ешқандай киім болмаған, аяқ киімі мен көйлегі оқиға болған маңнан табылды. Алайда таяудағы үйлердің тұрғындары ешқандай да күдік тудыратын әрекетті көрмегендерін және естімегендерін айтты.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети