23 қазан 2017 17:17

Шымкентте банк тонаған адамға пәтерін жалға берген әйелге айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Шымкентте Kaspi Bank бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіге пәтерін жалға берген әйелге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап. 


Шымкентте Kaspi Bank бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіге пәтерін жалға берген әйелге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап. 

ОҚО ІІД Көші-қон полиция қызметкерлері банкке қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіге пәтерін жалға берген үй иесіне айыппұл салды.

Еске салайық, 13 қазанда шамамен 20:00-де белгісіз біреу Шымкенттегі Kaspi Bank бөлімшелерінің біріне баса көктеп кірген. Банк қызметкерлері дереу дабыл шүртпесін іске қосқан. 

"Санаулы минуттар ішінде оқиға орнына әл-Фараби полиция бөлімшесінің жедел тергеу тобы келіп жеткен. Банк қызметкерлерінің айтуынша, бөлімшеге бетперде киген белгісіз біреу кіріп келіп, еденге "жарылғыш затқа" ұқсайтын бірдемені тастап, түтін шыққанда балтамен қорқытып ақша беруді талап еткен. Белгісіз адам кассадан 16 миллион теңге, 23 мың АҚШ доллары және 8500 рубль алып кеткен. Осы кезде қызметкерлердің бірі "дабыл шүртпесін" басып үлгерген, алайда күдікті қашып кеткен", - деді ІІД өкілдері.  

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 4-бөлігі ("Аса ірі көлемде тонау") бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Полицейлер күдіктінің кім екенін анықтап, ұстау үшін қажетті шараларды жүргізіп жатыр. 

Полицейлер күдікті азаматтың түр-тұлғасын анықтау мақсатында барлық қажетті іс-шараларды жүргізді. Нәтижесінде арада апта өткен соң Әл-Фараби ПБ-нің қызметкерлері Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен Алматы қаласының 1972 жылы туған тұрғынын анықтап ұстады. Күдіктіні ұстау барысында ақшаның бір бөлігі 400 мың теңге тәркіленіп алынды. Қалған соманы ол басқа банкке сақтауға қойған. Қазіргі таңда барлық ақша тәркіленіп алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ, жалға берілген пәтердің иесі Шымкент қаласының 1961 жылғы тұрғыны екені анықталды. Үй иесі әйел ҚР Әкімшілік Кодексінің 492-бабы "Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәлiксiз не тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын жері бойынша тiркеусіз тұруы" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети