07 қаңтар 2016 18:27

Шымкентте белгісіздер ірі кәсіпорынның басшысы отырған көлікке қарулы шабуыл жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© otyrar.kz © otyrar.kz

6 қаңтар күні кешкі уақытта Шымкентте "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ территориясының өткелінде қызметтік номері бар KIA автомобиліне оқ атылды. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлап отыр.


6 қаңтар күні кешкі уақытта Шымкентте "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ территориясының өткелінде қызметтік номері бар KIA автомобиліне оқ атылды. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлап отыр.

Басылымның мәліметінше, медициналық бетперде киген екі адам оқ атқан. Жедел-криминалдық топ оқиға орнында травмат қаруының екі калибрлі бес гильзасын тапқан. Оқ автомобильдің артқы терезесіне және қаңқасына тиген. 

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің мәліметінше, оқиға кезінде көлікте екі адам болған. Олар "Интергаз Орталық Азия" АҚ Оңтүстік Қазақстандағы бөлімшесінің жетекшісі және жүргізуші. Жетекші артқы орында болған. Ол жарақат алмады. 

Кейін зардап шеккен азамат дұшпандарының жоқтығын және бұл іске кімнің баруы мүмкін екендігін білмейтінін мәлімдеді. Бұл оқиғаны тергеумен Шымкенттің Абай аудандық ІІБ қызметкерлері айналысып жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети