12 маусым 2017 16:33

Шымкентте букмекерлік кеңсені тонады деген күдіктілер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Полицейлер букмекерлік кеңсені тонады деген күдіктілерді Шымкентте ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  


Полицейлер букмекерлік кеңсені тонады деген күдіктілерді Шымкентте ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

2017 жылы 8 маусымда Абай АІІБ кезекші бөліміне Ахунбабаев көшесінің бойында орналасқан букмекерлік кеңселердің бірі тоналғаны хабарланған. 

"Оқиға орнына келіп жеткен жедел тергеу тобы шамамен 00.30-да жетті. Бетіне бетперде киген белгісіздер қарумен қорқытып 100 мың теңгеден аса қаражатты және ұялы телефонды алып кеткен. Осы қылмыстың ашу мақсатында полицейлер сол маңайларды тексерді", - дейді полициядағылар. 

Шымкент ІІБ ЖПҚ жол-патрульдік полициясы қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары барысында осы іске қатысы бар бір адамлы ұстаған. Ол - Арыс ауданының 1996 жылғы тұрғыны. Бірнеше уақыт өткен соң полицейлер екінші күдіктіні ұстады, ол ОҚО тұрғыны, 1996 жылғы. Заттай айғақ ретінде ұрланған ақшаның жартысы табылған. Осы іске қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабына сәйкес ("Қарақшылық") іс қозғалды. 

"Қазіргі уақытта, күдіктілердің Шымкент қаласында жасалған осындай 7 қылмысқа қатысы бары анықталды. Полицейлер басқа да қылмыскерлерді іздестіріп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр", - деді ІІД өкілдері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети