29 мамыр 2015 22:11

Шымкентте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушы қызды алып қашты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушы қызды алып қашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Абай аудандық прокурорының орынбасары Ермек Айтымовқа сілтеме жасап.


Шымкентте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушы қызды алып қашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Абай аудандық прокурорының орынбасары Ермек Айтымовқа сілтеме жасап.

Прокуратураның мәліметінше, Шымкенттегі №95 мектепте дене шынықтыру пәнінен беретін 25 жастағы мұғалім өзінің бұрынғы оқушысына ғашық болып, алып қашып кеткен. 28 мамырда сағат шамамен 17.00-де 1998 жылғы қыз құрбысымен бірге көшеде келе жатқан. Оларға көлік жақындап тоқтайды. Автомобиль салонында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі өзінің үш досымен бірге болған. Ер адамдар қызды көлікке күштеп отырғызғаннан кейін мұғалімінің үйіне апарады.

Осы жылы мектепті бітірген қызды алып қашқан мұғалімі өзіне тұрмысқа шығуды сұрапты. Бірақ оқушы қарсы болады. Бұдан кейін қыздың туыстары келіп, оны үйіне алып кетеді, сол күні олар құқық қорғау органдарына арызданады. Нәтижесінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі бүгін, 29 мамырда қамауға алынды. Ертең сот сотқа дейінгі тергеу үшін санкция шығарады. Егер сотта мұғалімнің кінәсі дәлелденсе ер адам 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети