14 шілде 2015 10:48

Шымкентте ер адам намазхананың жабық болғаны үшін ҰҚКД мен әкімдіктің ғимаратын жарып жібермек болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© metateka.com © metateka.com

Шымкентте ер адам намазхананы ашуды талап етіп, ҰҚК мен қалалық әкімшілік ғимаратын жарып жіберетінін айтып қорқытқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкентте ер адам намазхананы ашуды талап етіп, ҰҚК мен қалалық әкімшілік ғимаратын жарып жіберетінін айтып қорқытқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот лаңкестік туралы жалған хабарлама берген ер адамды қамауға алу туралы шешім шығарды. Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті 8 шілде күні "Автонұр" базарына келіп, ондағы намазхананы қалалық әкімдік пен ҰҚК жауып тастағанын көрген. Дәл осы күні сағат 14.00 шамасында ол өзінің ұялы телефоныннан "102" номеріне қоңырау шалып, намазхананы ашпаса ҰҚК мен әкімдік ғимаратын жарып жіберетінін айтқан. Осы дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіні қамауға алу туралы қаулы күшіне енді.

Осыған дейін Көкшетауда экология департаменті бөлімінің жетекшісі көршісінің үйін "жарып жібермек" болғаны хабарланған еді. Бөлім басшысы Қанат Мырзахметов Пушкин көшесінде тұратын көршісіне қоңырау шалып, үйіне жарылғыш заттың қойылғанын айтып қалжыңдаған. Оқиға орнына құқық қорғау органдары қызметкерлері барды. Үйден 50-ге жуық адам эвакуацияланды. Департаменттегілер жарылғыш заттың табылмағанын айтты. Облыстық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің тәртіптік кеңесі "мемлекеттік қызметкердің абыройына нұқсан келтіргені үшін" Мырзахметовты қызметінен босатуға кеңес берді.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети