11 сәуір 2019 | 10:08

Шымкентте ерегескендерге оқ атқан ер адам сотталды

Шымкент қаласында атышулы іс бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Отырар"

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкент қаласында атышулы іс бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Отырар"

Әл-Фараби аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотында азамат М.М. 2018 жылы 9 қыркүйекте Шымкент қаласындағы Б.Момышұлы көшесінде орналасқан кафеде Д. және К. есімді ер адамдармен жанжалдасып, өз көлігінен (тергеу барысында тіркелмеген қару) заңсыз сақталған қару алып шығып, зардап шеккендерге қарай бағыттап оқ атқаны үшін жауап берді. Зардап шеккен К. есімді ер адам жеңіл дене жарақатын алды. 

Реклама
Реклама

Сот М. есімді ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 2-бөлігі (заңсыз қару сақтау) және 293-бап 3-бөлік 2-тармақ (қару қолдана отырып бұзақылық жасау) бойынша кінәлі деп таныды. Қылмыс жиынтығы бойынша оған барлық кезеңге пробациялық бақылау орната отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу тағайындалды.

Жаза тағайындаған кезде сот сотталушының жәбірленушілермен татуласқанын ескерді. Жәбірленушілер оның түрмеге қамалмауын сұраған. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная